Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    15 мая, 2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025

    Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

    3 мая, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Суббота, 17 мая
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025

      Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24 апреля, 2025

      «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

      10 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Түркістанда “Тоғызқұмалақ аллеясы” ашылды
    Айтарым бар

    Түркістанда “Тоғызқұмалақ аллеясы” ашылды

    16 августа, 202469 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

     

    Дүниежүзілік Көшпенділер Ойынын қолдау мақсатында Түркістанда ерекше шара өтті. Бүгін түркі халықтарының рухани астанасында “Тоғызқұмалақ аллеясы” ашылды. Оның ашылу салтанатына Түркістан жұртшылығы, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен ұлттық зияткерлік ойынының жанашырлары келді, деп хабарлайды QazNews.kz

    Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінің жанында орналасқан саяжол Түркістан тумасы, тоғызқұмалақ жанашыры, ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Раманқұлов Мақсаттың қалаға тартуы. Өз қаражатына тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, аллеяға бағалы тастан қашап жасалған тоғызқұмалақ тақтасын орналастырып, сыйға тартты.

    Шараның ашылуына белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов арнайы келіп, Түркістан жұртшылығына өз құттықтауы мен жылы лебізін арнады.

    “Енді бұл жер қала тұрғындары мен қонақтардың және туристердің зияткерлік ойынмен танысып, уақытты көңілді өткізетін жерлердің бірі болады деп ойлаймын. Бұл менің бұрыннан ойымда жүрген арманымның бірі еді. Бастамаға қолдау білдірген Түркістан облысы басшыларына және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Мұхамедияұлына алғысымды білдіремін. Бұл бастамаға киелі қаланың жұртшылығы да, қонақтары да қуанады деген үміттемін. Дүниежүзілік көшпенділері ойыны жақындап келеді. Соның аясында, тоғызқұмалақты насихаттау мақсатында қол алынған “Тоғызқұмалақ аллеясы” шаһарға көрік беретін, көпшілікті қызықтыратын әдемі бір мекен болады деп сенемін”,-дейді ҚР Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, қоғам қайраткері, кәсіпкер Мақсат Раманқұлов.

    Айта кетейік, биыл қыркүйектің 8-13 аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жалауын көтереді. Оған әлемнің 50-ден астам мемлекетінен тоғызқұмалақтан сайысқа түсу үшін ойыншылар келеді.

    Ришат Асқарбекұлы, Алматы

    Алихан Байменов тоғызқұмалақ аллеясы тоғызқұмалақ федерациясы Түркістан
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025

    Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24 апреля, 2025

    Қытай көліктері: алдағы 5 жылда не күтіп тұр

    27 марта, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 551 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 266 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    15 мая, 2025

    Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

    Мойынқұм ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан орталығындағы мәдениет үйінің…

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    12 мая, 2025

    Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

    3 мая, 2025

    Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

    30 апреля, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.