Бейсенбі, 12 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда емхана қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Қазақстанда емхана қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақы қосылады

Қазақстанда емхана қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа бұйрық жобасында медицина мамандарын ынталандыру және жұмыс сапасына қарай үстемеақы беру тәртібі қарастырылған, деп жазады QazNews.kz.

Қосымша ақы қашан төленеді?

Жаңа тәртіп 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында емхана қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу көзделіп отыр.

Жаңа жоба нені өзгертеді?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұйрық жобасы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарды қаржыландыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Құжатта емхана қызметкерлеріне үстемеақы төлеу тәртібін реттеу, сақтандырылмаған азаматтар мен скринингтен өтуге тиіс адамдарға қатысты қаржыландыру көлемін есептеу тетігін нақтылау ұсынылған.

Сонымен қатар жұмысын сапалы атқаратын емханаларға қосымша қаржылай қолдау көрсету жоспарланып отыр. Айта кетейік, бұйрық әзірге жоба түрінде ұсынылған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр