Сейсенбі, 4 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпСІМ Солтүстік Кипрде зардап шеккен қыздың азаматтығына қатысты мәлімдеме жасады

СІМ Солтүстік Кипрде зардап шеккен қыздың азаматтығына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған оқиғадан зардап шеккен қыздың азаматтығына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаның мән-жайын нақтылау барысында зардап шеккен қыздың Қазақстанда туғаны анықталған. Алайда ол қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының азаматы екен.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде болған оқиға салдарынан зардап шеккен тұлғаға қатысты мынаны хабарлайды. Мәліметтерді нақтылау барысында зардап шегушінің Қазақстанда туғаны, алайда Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды», – делінген СІМ хабарламасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында пышақ шабуылынан зардап шеккен бойжеткен Қазақстан азаматы екені туралы ақпарат тараған болатын. Алайда кейін Сыртқы істер министрлігі бұл мәліметті нақтылап, оның Қазақстанда туғанымен, Қырғызстан азаматтығына ие екенін хабарлады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр