Бейсенбі, 5 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпПавлодар облысында мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды

Павлодар облысында мал ұрлығына қатысы бар топ ұсталды

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан сериялық қылмыстық топ ұсталды, деп жазады QazNews.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері мал ұрлығының бірнеше дерегіне қатысы бар деген күдікпен бір топ адамды ұстады. Олар аудан тұрғындарының малын жүйелі түрде ұрлап отырған. Бірнеше ай ішінде күдіктілердің мал ұрлығының бес эпизодына қатысы бары анықталды. Ұрланған малдың қатарында жылқы мен ірі қара бар.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Олардың барлығы облыс тұрғындары болып шықты. Мал сатып алушылардың бірінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде ұрланған екі жылқы, бес бас ірі қара және көлік құралдары табылып, тәркіленді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Төрт күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылса, тағы бір күдіктіге елден шықпау туралы қолхат берілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр