Сейсенбі, 4 августа, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамКипрде қазақстандық қызға пышақпен шабуыл жасалды

Кипрде қазақстандық қызға пышақпен шабуыл жасалды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Кипрде қазақстандық азаматшаға жасалған пышақ шабуылының мән-жайын анықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті БАҚ пен полицияның мәліметіне сәйкес, оқиға 3 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 11:45 шамасында Никосия қаласындағы Metropol Market супермаркетінде болған.

Белгісіз ер адам 22 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасап, кейін өзіне де жарақат салған. Екеуі де ауруханаға жеткізілген. Қазақстандық азаматшаның жағдайы ауыр екені хабарланды.

Сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломаттардың Кипрдің құзырлы органдарымен тұрақты байланыста екенін және аталған мәселе ведомствоның бақылауына алынғанын мәлімдеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр