Сенбі, 7 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБілім және ҒылымЖетісу және индонезиялық Аирлангга университеттері арасына алтын көпір орнады

Жетісу және индонезиялық Аирлангга университеттері арасына алтын көпір орнады

Индонезияда өткен QS Summit 2026 халықаралық саммитіне сапар кезінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Аирлангга университеті (Universitas Airlangga – UNAIR) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды QazNews.kz

Universitas Airlangga (UNAIR) – Индонезияның жетекші мемлекеттік зерттеу университеттерінің бірі. 1954 жылы Сурабая қаласында негізі қаланған білім ордасы QS World University Rankings халықаралық рейтингі бойынша әлемнің үздік 300 жоғары оқу орнының қатарына кіреді.

Бұл оның халықаралық академиялық беделінің жоғары екенін айғақтайды. UNAIR дамыған ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы бар, халықаралық деңгейде білім беру мен ғылыми жобаларға белсенді қатысатын жоғары оқу орны.

Жаңа әріптестіктің негізгі басымдықтары – физика және математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар, құқық және экономика салаларындағы ынтымақтастықты дамыту. Аталған бағыттар бірлескен ғылыми зерттеулерді, академиялық алмасу бағдарламаларын және білім беру бастамаларын жүзеге асырудың перспективалы негізі ретінде қарастырылды.

Ынтымақтастық аясында пәнаралық зерттеулерді дамытуға, жас ғалымдарды халықаралық ғылыми жобаларға тартуға, зерттеу тәжірибесімен алмасуға және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Индонезияның жетекші оқу орнымен ынтымақтастық орнату Жетісу университетінің ғылыми әлеуетін арттыруға, білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіруге және халықаралық академиялық байланыстарын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашатын тағы бір маңызды қадамы болды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр