Жұма, 6 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпСамара – Шымкент тасжолында автобустан 15 Тәжікстан азаматы эвакуацияланды

Самара – Шымкент тасжолында автобустан 15 Тәжікстан азаматы эвакуацияланды

Самара – Шымкент автожолында бұзылып қалған автобустан 15 Тәжікстан азаматы эвакуацияланды, деп жазады QazNews.kz.

Оқиға бүгін түнде тасжолдың 1214-шақырымында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері жол жиегінде тұрған автобусты байқап, мән-жайды анықтаған.

Белгілі болғандай, Van Hool маркалы автобус Тәжікстаннан Ресейге қарай бағыт алған. Алайда жолда техникалық ақау шығып, көлік тоқтауға мәжбүр болған. Автобус ішінде екі жүргізуші мен 15 жолаушы болған. Олардың барлығы – Тәжікстан азаматтары. Жолаушылардың арасында алты әйел мен төрт бала бар.

Патрульдік полиция қызметкерлері мен Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.

Олар Ырғыз ауылы маңындағы мешітке орналастырылды. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр