коллаж: dalanews.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов амнистия бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовке, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа және Перизат Қайратқа қолданылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды QazNews.kz
Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабында белгілі бір санаттағы сотталғандарға амнистия жасауға тікелей тыйым салынған.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 78-бабы мемлекетке опасыздық, терроризм, экстремизм, сыбайлас жемқорлық қылмыстары және ұйымдасқан топ құрамында жасалған қылмыстар үшін сотталған адамдарға амнистия қолдануға тыйым салады», – деді Әділов.


