Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл нысанда ет өнімдері заңсыз өңделгенін хабарлады. Нысанда 2-санатқа қажетті ветеринариялық-санитариялық қорытынды да, есептік нөмір де болмаған, деп хабарлайды qaznews.kz.
Шығу тегі белгісіз ірі және ұсақ қара малдың жалпы салмағы 360 келі болатын ішкі ағзалары мен қосалқы өнімдері «Астана-Ветсервис» кәсіпорнының пеш-инсинераторында өртеу арқылы жойылды.
Қой етінен сынамалар алынды. Кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынды.


