Қазақстан азаматтары жеке деректері заңсыз жарияланып немесе таралып кеткен жағдайда сотқа жүгініп, моральдық зиян үшін өтемақы талап ете алады, деп хабарлайды qaznews.kz.
ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі Бейбіт Біржановтың сөзінше, мұндай құқық «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңның 24-бабында бекітілген.
Дегенмен өтемақы алу үшін азамат жеке деректерінің қандай жағдайда және қайда таралғанын, сондай-ақ осы оқиғаның салдарынан қандай зиян шеккенін дәлелдеуі керек.


