Мәжілістің бұрынғы депутаты Ринат Зайыт Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы болды. Ол бұл қызметке қазан айының басында тағайындалған. Бұл туралы экс-депутат Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды qaznews.kz.
Ринат Зайыттың сөзінше, оған бұл қызметті жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов ұсынған.
Ол басқаратын орталық әскери қызметшілер мен әскерге шақырылуға дейінгі жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырумен, сондай-ақ мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Орталықтың құрамына әскери ансамбль мен оркестр де кіреді.
Бұрынғы депутат жаңа қызметке келу туралы шешіміне қорғаныс саласында басталған реформалар әсер еткенін айтты. Бұл өзгерістер Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін қолға алынған.
Ринат Зайыттың айтуынша, ол қорғаныс саласындағы реформаларға өз үлесін қосқысы келеді.


