Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2 июля, 2025

    Қарқара жайлауында дәстүрлі қымызмұрындық өтті

    27 июня, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 8 июля
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Алматы жолдарының сапасы: бақылау мен жауапкершілік қатар жүруде

      23 июня, 2025

      Берекелі отбасы – мызғымас Отан негізі

      15 мая, 2025

      Жол сапасын бақылаушы мамандар “Geodor” компаниясының жұмысымен танысты

      3 мая, 2025

      Астанада салық форумында Жаңа салық реформасына қатысты ұсыныстар айтылды

      30 апреля, 2025

      Сенатор Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24 апреля, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Сібір жарасы қалай жұғады және ол несімен қауіпті. Маңызды 6 сұраққа жауап
    Денсаулық

    Сібір жарасы қалай жұғады және ол несімен қауіпті. Маңызды 6 сұраққа жауап

    Бүгін Алматы облысындағы сібір жарасы анықталған Үлкен Ақсу ауылына карантин енгізілді
    5 октября, 2024771 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

     

     

    Сібір жарасының белгілері қандай? Оның неше түрі бар? Адамға қалай жұғады? Не үшін вакцина алу қажет? Informburo.kz осы және өзге де сұрақтарға жауап береді. Оқырмандар үшін пайдалы ақпаратты  QazNews.kz көшіріп басты.

    №1. Сібір жарасы қандай ауру
    Сібір жарасы халық арасында күйдіргі, түйнеме деп аталады. Бұл – аса қауіпті жұқпалы ауру, оның қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы (Bacillus anthracis). Сібір жарасының үш түрі бар: тері, өкпе және ішекте дамиды. Көбінесе тері жамылғысында пайда болады. Ал, өкпе мен ішекте сепсис түрінде өтуі сирек кездеседі. Сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортаға төзімді, ол топырақта ондаған жылдар бойы сақталады. Ауру жеке органды ғана емес, тұтас ағзаны да зақымдайды.
    Бұл дерт Сібірде кең таралғандықтан «Сібір жарасы» деген атауға ие болған. Орыс дәрігері Степан Андреевский сібір жарасының адам мен жануарларға ортақ ауру екенін және ол жануарлардан адамға жұғатынын дәлелдеген. Сібір жарасы қойда – топалаң, ірі қарада – қараталақ, түйеде – ақшелек немесе қарабез, жылқыда – жамандат деп аталады. Сондай-ақ, жабайы жануарлар да сібір жарасы ауруымен ауырады.

    №2. Аурудың белгілері қандай
    Сібір жарасының инкубациялық кезеңі  – орташа есеппен алғанда 2-3 күн. Бірнеше сағаттан соң 8-14 тәулікке дейін ауытқуы мүмкін. Ауру тез басталады. Алғашқы сағатта науқастың дене температурасы 38-40 градусқа дейін күрт жоғарылайды, әлсіздік пайда болады. Сібір жарасы қан (сепсис) жұқтырудың кез келген түрі арқылы дамиды.

    №3. Ауру қалай жұғады
    Бұл ауру адамға ауру жұққан жануардың терісінен, жүнінен немесе еттен жұғуы мүмкін. Сібір жарасы адамға үй жануарлары ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқадан жұғады. Көбінесе адамдар бұл ауруды мал сойып, терісін өңдеп, сыпырғанда,  бактерия түскен ауыз су, тамақты ішіп-жегенде жұқтырып алуы мүмкін. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды.
    Сонымен қатар, инфекция төмендегі жағдайларда таралады:

    Ауру малға күтім жасау кезінде зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы;
    Ұшаны өңдеу, терісін алу және өлген малдың өлексесін көму кезінде;
    Егістікте ластанған топырақты қолданғанда;
    Аэрогенді: ауа, шаң арқылы;
    Трансмиссивті: жәндіктердің шағуы (шыбын, масалар).

    №4. Сібір жарасының симптомдары:

    бас ауруы;
    дене қызуының жоғары болуы;
    әлсіздік;
    тері зақымдалғанда ісіну мен қышуы;
    кеуденің ауыруы (өкпе);
    тұншығу (өкпе);
    қан аралас іш өту (ішек);
    іштің түйілуі (ішек);
    қан аралас құсу (ішек).

    №5. Ауру анықталған кезде не істеу керек
    Сібір жарасының белгілері байқалған кезде дереу дәрігерге хабарласу қажет. Ем-дом дер уақытында басталса, науқас сауығып кетеді. Емдеу процесі тек стационарда жүргізіледі. Науқас антибиотик немесе басқа да препараттарды дәрігердің кеңесінсіз, өз бетінше қолданбағаны абзал. Аса ауыр жағдайда науқас сібір жарасынан көз жұмуы да мүмкін. Сол себепті, аурудың алғашқы белгісі байқалғанда науқасты дереу ауруханаға жатқызу керек.

    №6. Сібір жарасынан қалай сақтануға болады

    Ет пен ет өнімдерін тек өнімдердің сапасын бақылайтын жерлерден сатып алу;
    Ет немесе кез келген мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін және сататын жандар гигиеналық нормаларды сақтауға міндетті;
    Мал күтімі кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтау;
    Үй малы мамандардан арнайы рұқсат алған соң ғана сойылуы тиіс;
    Малдың өлексесін ретімен көму;
    Үлбір және былғары шикізаттарын ветеринариялық бақылауда ұстау;
    Ауру мал уақытында анықталып, оқшаулануы керек;
    Ауру малға күтім жасау кезінде арнайы киім кию қажет;
    Ауру жұқтырған малдың өлексесін жою;
    Елдімекендердің сыртындағы мал қорымдарының жай-күйі ұдайы бақылауда болуы керек;
    Мал кенеттен ауырғанда немесе өлгенде міндетті түрде мал дәрігеріне хабарлау;
    Малға сібір жарасына қарсы екпе егу маңызды. Екпе сібір жарасы қоздырғышын жұқтыру қаупі жоғары жандарға және малды сою, терісін сыпыру, олардан шикізатты дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеумен кәсіби айналысатын адамдарға да салынады.

    Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?

    пайдалы ақпарат Сібір жарасы
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    5 июля, 2025

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2 июля, 2025

    Қарқара жайлауында дәстүрлі қымызмұрындық өтті

    27 июня, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 552 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 271 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 374 Views

    Ораза айтта 9 күн демалыс жарияланды

    27 марта, 20252 012 Views
    Оқылып жатыр
    5 июля, 2025

    «Агенты влияния»: казахстанские школьники впервые приняли участие в престижном дебатном чемпионате AWSDC

    Общественный фонд «Debat Eli» сыграл ключевую роль в историческом дебюте казахстанских школьников на международной дебатной…

    Қазақ рухы Мәскеу сахнасында: «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымы Чехов фестиваліне барады

    2 июля, 2025

    Қарқара жайлауында дәстүрлі қымызмұрындық өтті

    27 июня, 2025

    Тоғызқұмалақтан Кореяда алғашқы халықаралық турнир басталды

    26 июня, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.