Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeКел, талқылайық!Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

Қазақстандағы мопед иелері мемлекеттік нөмір орнату керек

                                                                                        Фото: MK.RU

Қазақстанда жол қозғалысы ережелері бойынша кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Биыл 3 қазанында оған президент қол қойды. Соның ішінде мопед көлігін тіркеу туралы да бірқатар өзгерістер бар,  деп хабарлайды  QazNews.kz ақпарат агенттігі

Екі құқықтық акт өзгерді. Бірінші заң – «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы». Екіншісі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жаңа нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейтін ілеспе түзетулерді қамтиды.

Екі заң да алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 4 желтоқсанда қолданысқа енгізіледі. Алайда кейбір нормалар уақытша тоқтатылған және 6 айдан кейін, 2025 жылдың 5 сәуірінде ғана күшіне енеді.

Енді кез келген жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін мопед жүргізушілері де жол қозғалысының басқа қатысушылары сияқты ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады (жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін сақтамауы 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады). Бірақ 2024 жылдың 4 сәуірінен бастап мопед жүргізушісі автокөлік жүргізушілеріне жүктелген барлық жауапкершілікті көтереді.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments