Сәрсенбі, 14 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда баспана саудасы бір жылда 14,3%-ға қысқарды

Қазақстанда баспана саудасы бір жылда 14,3%-ға қысқарды

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатып алу-сатуға қатысты 35 406 мәміле тіркелген. Бұл былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 14,3%-ға аз, деп хабарлайды qaznews.kz.

Пәтер сатып алушылар азайған

Көпқабатты үйлердегі пәтерлерге қатысты мәмілелер саны 2,2%-ға төмендеп, 27 096-ны құрады. Сатып алушылар көбіне бір бөлмелі пәтерлерді таңдаған. Қыркүйекте мұндай баспаналарды сатып алу-сатуға қатысты 10 434 мәміле жасалған.

Жеке үй саудасы өскен

Пәтер нарығындағы көрсеткіш төмендегенімен, жеке тұрғын үйлерге қатысты мәмілелер саны 2,7%-ға артып, 8 310-ға жеткен.

Осылайша, қыркүйекте Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында сауда көлемі азайған. Алайда жеке үйлерге қатысты мәмілелер саны өсіп, бір бөлмелі пәтерлер сатып алушылар арасында ең сұранысқа ие баспана түрі болып қалған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр