15 қазанда Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды qaznews.kz.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар кейбір автожолдарда көріну қашықтығы төмендеп, жол тайғақ болуы мүмкін.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге жолда қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес берді. Атап айтқанда, көліктер арасындағы қашықтықты сақтау, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдау және күрт маневр жасамау қажет.


