Сейсенбі, 13 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпЯндекс істемей қалған кезде inDrive тарифі қымбаттады: антимонополиялық агенттік ескерту жасады

Яндекс істемей қалған кезде inDrive тарифі қымбаттады: антимонополиялық агенттік ескерту жасады

Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі inDrive компаниясына бәсекелестік туралы заңнаманы бұзуы және тұтынушылардың құқықтарын шектеуі мүмкін әрекеттерге жол бермеу жөнінде алдын ала ескерту жолдады, деп хабарлайды qaznews.kz.

Бұған 11 қазанда «Яндекс Go» сервисінің уақытша істемей қалуынан кейін такси бағасының күрт өскені туралы ақпарат себеп болған.

Агенттіктің мәліметінше, пайдаланушылар балама такси қызметтеріне жаппай ауысқан соң, inDrive сервисіне сұраныс айтарлықтай артқан. Соның салдарынан кейбір бағыттар бойынша жол жүру ақысы үш есеге жуық қымбаттаған.

Жағдайды тұрақтандыру үшін inDrive комиссия мөлшерін міндетті салықтарды жабуға жеткілікті ең төменгі деңгейге дейін түсірген. Сонымен қатар сервис баға бойынша саудаласудың шекті ауқымына қатысты шектеулер енгізген.

Агенттік жолдаған ескертудің алдын алу сипатында екенін атап өтті. Оның мақсаты – ықтимал заң бұзушылықтардың алдын алу.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр