Тергеу мәліметінше, күдікті өзінің бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» ЖШС-лері арқылы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалды деген шығынды өтеу үшін уәкілетті органға инвестициялық субсидия алуға қажетті құжаттарды тапсырған, деп хабарлайды qaznews.kz.
Шығынды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыс актілері ұсынылған, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдіктінің бақылауындағы серіктестіктердің есепшоттарына жалпы сомасы 251 млн теңге инвестициялық субсидия аударылған. Кейін бұл ақша қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қаражаттың бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған. Сот аталған мүлікке тыйым салды.
Тергеу жалғасып жатыр.


