Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде тараған мерзімді әскери қызметшілер Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А.-ға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды qaznews.kz.
Ведомство мәліметінше, Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығулары кезінде жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, жоспарланған оқу тапсырмаларын орындаған. Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. да жағалауда оқу міндеттерін атқарған әскери қызметшілер тобының құрамында болған.
Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлім аумағында орналасқан және күн тәртібіне сәйкес қызметін жалғастырып жатыр.
Қорғаныс министрлігі азаматтарды тексерілмеген және жалған ақпарат таратпауға шақырып, ресми дереккөздерге ғана сенуге үндеді.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңіз алып кеткен болатын. Салдарынан 14 әскери қызметкер өлі табылды.


