Сейсенбі, 17 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАстанадағы мектептердің бірінде оқушы қыз сыныптастарына пышақпен шабуыл жасаған

Астанадағы мектептердің бірінде оқушы қыз сыныптастарына пышақпен шабуыл жасаған

Астанадағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған. Зардап шеккен жасөспірімдердің жасы шамамен 16-да. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz.

Оқиғаға байланысты Астана қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Полицияның хабарлауынша, оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмаған қыз профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылған.

Сондай-ақ оның заңды өкілдері баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, полиция мектептегі күзет қызметкерлерінің әрекетіне де құқықтық баға бермек.

Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен екі оқушыға қажетті медициналық көмек көрсетілген. Дәрігерлер тексергеннен кейін олар амбулаториялық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр