Дүйсенбі, 28 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАлматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

28 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды qaznews.kz.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» алдын ала мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 09:38-де болған. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 8 шақырым жерде орналасқан.

Қазіргі уақытта сейсмолог мамандар жер сілкінісінің нақты магнитудасы мен қарқындылығын анықтап жатыр. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілген.

Алдын ала есеп бойынша, жер сілкінісі Қарасай ауданындағы Қаскелең қаласында және Боралдай кентінде 2-3 балл, ал Өтеген батыр ауылында 2 балл көлемінде сезілген. Алматы қаласында 3-4 балл көлемінде болған.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сабыр сақтауға, үрейге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Жер сілкінісіне байланысты мәліметтер нақтыланып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр