Сәрсенбі, 12 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстандықтар маникюр мен педикюрге 7,5 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар маникюр мен педикюрге 7,5 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар бір жыл ішінде сұлулық салондарының қызметтеріне жалпы 127,3 млрд теңге жұмсаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде айтылған, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Статистикаға сәйкес, ең көп сұранысқа ие қызмет түрі – шаштараз қызметтері. Оған тұрғындар 67,5 млрд теңге жұмсаған. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 5,3%-ға артқан.

Ал сұлулық салондарының өзге қызметтерінің көлемі 52,3 млрд теңгені құрады. Бұл санатқа табиғи өңделмеген шашқа қатысты қызметтер де кіреді.

Косметологиялық қызметтерге, оның ішінде маникюр мен педикюрге қазақстандықтар 7,5 млрд теңге жұмсаған.

Сұлулық индустриясының дамуы ауылдық жерлерде де байқалады. Ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі бір жылда 4,2%-ға өсіп, 34,3 млрд теңгеге жеткен.

Сонымен қатар ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге қызметтеріне 1,9 млрд теңге, ал косметологиялық қызметтерге 814,9 млн теңге жұмсалған.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіштер қазақстандықтардың сыртқы келбетке күтім жасауға деген сұранысы жоғары екенін және beauty-индустрияның ел бойынша тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр