Павлодар облыстық мәслихатының депутаты әрі Aqtogai Milk компаниясының басшысы Александр Терентьев алты жұмысшының өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталды, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Қайғылы жағдай 20 шілде күні Павлодар облысының Ақтоғай ауданында орналасқан кәсіпорын аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, өндірістік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету барысында алты қызметкер көз жұмған.
Павлодар облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын және Терентьевтің ұсталғанын растады.
Тергеу аясында жалпы үш адам күдікті ретінде танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Құқық қорғау органдары әзірге істің мән-жайына қатысты қосымша ақпарат жариялаған жоқ.


