Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад Дамаск сотының шешімімен сырттай өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Сот оны елдегі азаматтық соғыс кезінде жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстарға кінәлі деп таныған. Асадпен бірге оның тағы жеті серіктесі де сырттай өлім жазасына кесілді.
Сондай-ақ Сирияның бұрынғы президентінің немере ағасы, экс-генерал Атеф Наджиб те дәл осындай жазаға тартылды. Ол Дараа провинциясындағы наразылық шерулерін қатыгездікпен басып-жаншыды деген айыппен сотталған.
Басқа айыпталушылардан айырмашылығы, Атеф Наджиб 2025 жылы ұсталғаннан кейін сот алдында жеке өзі жауап берген.
Башар Асад Сирияны 2000 жылдан бері басқарған. Алайда 2024 жылдың желтоқсанында биліктен тайдырылды. Осыдан кейін ол отбасымен бірге Ресейге кетіп, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, қазіргі уақытта сол елде тұрып жатыр.


