Сәрсенбі, 12 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпДүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясының өкілдері Қытайға жұмыс сапармен барды

Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясының өкілдері Қытайға жұмыс сапармен барды

Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының өкілдері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапармен барды. Сапар барысыныда Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің дипломаттары мен Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Кездесу Мәдениет орталығында өтті.

Кездесу барысында тоғызқұмалақ спортын халықаралық деңгейде дамыту, Қазақстан мен Қытай арасындағы спорт саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ алдағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Тараптар Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан шеберлік сабақтарды және турнирлерді Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығында өткізуге уағдаласты. Кездесу барысында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының өкілдері Тоғызқұмалақ ойынының ерекшеліктерін таныстырды.

Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы тоғызқұмалақ спортын әлемдік деңгейде насихаттау және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр