Сенбі, 24 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарАлматыда Қаңтар құрбандарының әйелдері баспана сұрауда: әкім не дейді?

Алматыда Қаңтар құрбандарының әйелдері баспана сұрауда: әкім не дейді?

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде жақындарынан айырылған әйелдердің баспана мәселесін көтеріп жүргені жөнінде пікір білдірді, деп жазады QazNews.kz

Азаттық тілшісі әкімнен Қаңтар кезінде күйеулерінен айырылған отбасылардың әкімдікке жиі барып, үй беруді сұрайтыны және бұл уәделердің орындалу мүмкіндігі туралы сұраған.

Қала әкімінің айтуынша, бұл мәселе оған бұрыннан белгілі. Оның сөзінше, ішкі саясат басқармасы аталған әйелдер тарапынан баспана мәселесіне байланысты өтініштер түскенін хабарлаған.

«Ол отбасылар бойынша нақты мәліметтерді алдыртамыз. Егер шынымен де көмекке мұқтаж, әлеуметтік жағдайы ауыр екені анықталса, демеушілер тарту мәселесін қараймыз», — деді Дархан Сатыбалды.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments