Дүйсенбі, 25 мая, 2026
spot_img
Басты бетАйтарым барАлматыда LRT құрылысы басталады

Алматыда LRT құрылысы басталады

Алматыда ұзындығы 18,3 шақырым болатын алғашқы LRT желісінің құрылысына дайындық басталды. Жаңа бағыт Төле би көшесі арқылы өтіп, Алматы-2 вокзалы мен Алатау ауданындағы Индустриялық аймаққа дейін созылады, деп жазады Inbusiness порталына сілтеме жасаған QazNews.kz

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілген. Қорытындысы 2026 жылдың шілдесінде шығуы мүмкін.

Қала билігінің айтуынша, LRT:
көлік кептелісін азайтуға;
қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға;
Алматының экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді.

LRT Алматының жаңа көлік жүйесінің маңызды бөлігіне айналмақ.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр