Дүйсенбі, 3 августа, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамАлматы түрмесінде екі сотталған адам суицид жасады деген ақпарат тарады

Алматы түрмесінде екі сотталған адам суицид жасады деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы қауіпсіздігі ең төменгі мекемелердің бірінде екі сотталғанның бірінен соң бірі өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Бұл мәліметке байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) ресми түсініктеме жариялады.

Комитеттің хабарлауынша, Алматы қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде екі сотталғанның суицид жасағаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ведомствоның мәліметінше, Алматыдағы барлық қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

ҚАЖК тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды.

Сондай-ақ комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін тағы бір мәрте еске салды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр