Дүйсенбі, 3 августа, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамӘлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы сауда жасайтындар да салық бақылауына ілінуі мүмкін

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы сауда жасайтындар да салық бақылауына ілінуі мүмкін

Қазақстанда әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы тауар сатып, төлемді жеке мобильді аударыммен қабылдайтын азаматтар салық органдарының бақылауына ілігуі мүмкін, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді және жеке тұлғалардың түсімдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Заңғар Шындали мәлімдеді.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде табыс табу кәсіпкерлік қызмет болып есептеледі. Сондықтан мұндай саудамен айналысатын азаматтар заң талаптарына сай кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салықтарын төлеуге міндетті.

Сондай-ақ ол егер онлайн-сатушының жеке банк шотына қатарынан үш ай бойы 100 түрлі адамнан ақша түссе, салық органдары оған тиісті хабарлама жолдайтынын айтты.

Шындали Заңғардың сөзінше, бұл шараның негізгі мақсаты тек бюджет кірісін көбейту емес, кәсіпкерлердің барлығына бірдей әрі әділ бәсекелестік жағдайын қалыптастыру.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр