«Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы жаңа саяси ұйымның Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасаған QazNews.kz
«Әділеттің» бүгінгі съезінде партия құрамына AMANAT-ты қабылдауға шешім қабылданды. Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі.
«Осындай жан-жақты қолдауға ие болып жатқан күштің алдына қойған мақсатына да ешқандай шектеу болмауы қажет. Біз барынша көп орын алуға тырысамыз», — деді Кенжеханұлы съезден кейінгі брифингте.
Айта кетері, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конститутциясы күшіне енеді. Оған сәйкес, бір палаталы парламент — Құрылтай болады. Сондай-ақ, заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі құрылады.



