Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025

    Абай университеті «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

    6 ноября, 2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    3 ноября, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Суббота, 8 ноября
    • Басты
    • Саясат

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025

      АҚШ Украинамен мәміледе күтпеген үзіліс алды — БАҚ

      14 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025

      Биыл Алматы облысындағы жолдардан 823 сынама алынған

      24 октября, 2025

      Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

      23 октября, 2025

      Как проходят Посвящения студентов в Алматы

      22 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » «Балама мәжбүрлеп несие алдырған»: Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген жігіттің денесі айдаладан табылды
    Жаңалықтар

    «Балама мәжбүрлеп несие алдырған»: Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген жігіттің денесі айдаладан табылды

    Мүгедектігі бар бозбаланың мәйіті арада екі күн өткенде бір-ақ анықталды
    6 марта, 2025597 Views
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link
    Коллаж Qaz365.kz

     Түркістан облысында айуандықпен өлтірілген жігіттің денесі айдаладан табылды. 19 жастағы Жасұлан Әбдіманап 20 ақпанда үйінен моншаға шығып кеткен. Сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасаған QazNews.kz 

    Мүгедектігі бар бозбаланың мәйіті арада екі күн өткенде бір-ақ анықталды. Марқұмның жақындары кенже ұлын азаппен өлтіргендер бөтен емес өз ауылдастары екенін айтады. Анасы Райхан Жамалованың сүт кенжесін жоқтап отырғанына міне 10 күннен асты. 20 ақпан күні Жасұлан анасына айтып, көрші үйдің моншасына кеткен. Әр қадамын жақындарына ескертіп отыратын жігіттен түн ішінде байланыс үзілген. Анасы полицияға хабарлап, туған-туыспен іздеуге кіріседі. Екі күннен кейін адам аяғы баспайтын жапан даладан баласының азапталған денесі табылған.

    «Көшенің бұзық балалары айдалаға апарып, баламның істеген жақсылығы үшін осындай аяусыздықпен 14 жерінен пышақ ұрып, жауыздықпен өлтіріп отыр және ешкім білмей қалады деді ме?» — дейді марқұмның анасы. 

    Жасұлан Әбдіманаптың екінші топ мүгедектігі болған. Анасы төрт баланың кенжесінің басынан 8-сыныпта ісік алынғанын айтты. Ауыр дертті жеңген жігітті содан бері ауыр жұмысқа жекпеген жақындары оның өліміне өзінің мейірімділігі себеп болғанын айтады. Сөздерінше, өзінен үлкен ауылдастары аналарының ауырып жатқанын айтып, Жасұланға несие алдырған.

    «Менің баламның бір-ақ айыбы олар менің баламды алдап, анам ауырып жатыр. Маған кредит бермей жатыр сенікі таза болса, алып берші деп алдырған екен. Сөйтіп, 2-3 айдан бері балама кредит алдыртып жүрген. Оны менің балам бізге намыстанып айтпаған. «Соны енді төлеңдер. Уақыты келіп қалды. Черныйға кіріп кетпейін үйдегілер білмейді» деп айтқанға олар осы дәрежеге жеткізіп отыр менің баламды», — дейді Райхан Жамалова.

    Жақындары Жасұланның бір емес бірнеше адам қолынан азаппен ажал құшқанына сенімді. Алайда әзірге адам өлтіру бабымен қозғалған істе бір адам ғана күдікке ілініп, қамауға алынған.

    Тергеу басталды

    ҚР ІІМ оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы Шымкент бөлімінің өндірісінде қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігімен көзделген адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталған. Райхан Жамалова ұлын айуандықпен өлтіргендердің барлығы жазасыз қалмауын талап етті.

    қылмыс Түркістан
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    6 ноября, 2025

    Абай университеті «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

    6 ноября, 2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    3 ноября, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 553 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 438 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 275 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 375 Views
    Оқылып жатыр
    6 ноября, 2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    Күні кеше Үкімет «Заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы» бекітті. Ондағы…

    Абай университеті «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

    6 ноября, 2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    3 ноября, 2025

    Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

    28 октября, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.