фото. kursiv.kz
Карина Мамашты азаптаған бұрынғы дипломат 7 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы 7-ші арнаға сілтеме жасаған QazNews.kz хабарлайды
Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратованың айтуына қарағанда, күйеуінен 10 жылдан аса қорлық көрдім деген екі баланың анасына қатысты іс сотқа жіберілді.
Тергеу толығымен аяқталды. Енді экс-дипломат ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы (азаптау-ред.) бойынша сот алдында жауап береді, – дейді адвокат.
Айта кетейік, бұл бап негізінде күдікті 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін СІМ қызметкерінің әйелі Карина Мамаш күйеуі Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан болатын.