Бейсенбі, 22 октября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемРесей Украинамен үшжақты бейбіт келіссөздерді қайта бастауға келісті

Ресей Украинамен үшжақты бейбіт келіссөздерді қайта бастауға келісті

Ресей Украинамен АҚШ-тың делдалдығымен өтетін үшжақты бейбіт келіссөздерді қайта бастауға келісті. Кремльдің мәлімдеуінше, жаңа келіссөздер 10 қарашадан кейін басталуы мүмкін, деп хабарлайды qaznews.kz.

Соңғы бірнеше күнде АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Осло мен Мәскеуге барды. Ослода ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен. Сапарлар барысында екі елдің басшыларымен Украиндағы соғысты тоқтатуға бағытталған Вашингтонның ұсыныстары талқыланған.

Келіссөздерде соғыс аяқталғаннан кейін Украина мен Ресейдің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету мәселесіне басымдық берілмек.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр