Қазақстан Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстан азаматының ұсталғанын растады, деп хабарлайды qaznews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, әйелді Флорида штатында АҚШ-тың иммиграциялық қызметі ұстаған. Бұған оның елде заңды миграциялық мәртебесінің болмауы себеп болған.
Бұған дейін ұсталған әйелдің үш баланың анасы екені хабарланған еді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдері америкалық мемлекеттік органдармен және әйелдің отбасымен тұрақты байланыста. Сыртқы істер министрлігі азаматқа қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Ведомство жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және заң аясында тиісті қолдау көрсетілетінін атап өтті.


