Сейсенбі, 15 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпМақсат Ақанов алты айға айтыстардан шеттетілді: Одақ ресми түсініктеме берді

Мақсат Ақанов алты айға айтыстардан шеттетілді: Одақ ресми түсініктеме берді

Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Аманжол Әлтай Мақсат Ақановқа қатысты қабылданған шешімнің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды qaznews.kz.

Оның айтуынша, Шайыр ауылында өткен даулы айтысты Одақ ұйымдастырмаған. Шара жергілікті тұрғындардың бастамасымен өткізіліп, оған кәсіпкерлер демеушілік жасаған.

Дегенмен оқиғадан кейін ақынның сахнадағы әрекеті арнайы қаралып, тиісті шешім қабылданған. Соған сәйкес Мақсат Ақанов алдағы алты ай ішінде Одақ ұйымдастыратын айтыстарға қатыса алмайды.

Аманжол Әлтай мұндай жағдайлар ұлттық өнердің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Осыған байланысты алдағы уақытта ақындардың сахна мәдениеті мен кәсіби жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту жоспарланып отыр.

Айта кетейік, ақын Нұргүл Хасанова Шайыр ауылының 100 жылдығына арналған айтыста ақын Мақсат Ахановтың айтқан сөздерін сынға алған болатын.

Ол жариялаған жазбасында аталған жағдайдың ауылдың 100 жылдық мерейтойында болғанын айтып, айтыстағы кейбір сөздерді мысал ретінде келтірген.

Нұргүл Хасанованың пікірінше, айтыс – ел мен жердің қадірін дәріптейтін, сөз мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын өнер. Сондықтан сахнада айтылатын әрбір сөз жауапкершілікпен айтылуы тиіс.

«Айтыстың әдебі мен сахна мәдениеті қайда? Ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы неге назар аудармады? Бұл – елді құрметтемеу, жерді қорлау және халықтың намысына тиюмен тең», – деп жазды ол.

Ақынның бұл пікірі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, көптеген қолданушы оның ұстанымын қолдап пікір білдірді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр