Сейсенбі, 4 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпШетелдіктерге Қазақстанға кіру қиындай түсуі мүмкін

Шетелдіктерге Қазақстанға кіру қиындай түсуі мүмкін

Қазақстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың елге кіру тәртібі өзгеруі мүмкін. Ішкі істер министрлігі Қазақстанға келу үшін алдын ала электронды рұқсат алу жүйесін енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Тиісті жоба қоғамдық талқылауға жарияланды. Егер құжат қабылданса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстанға сапар алдында арнайы электронды рұқсат рәсімдеуге міндетті болады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе көші-қон ағындарын тиімді бақылауға, деректерді өңдеу уақытын қысқартуға және елге кіру рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ электронды рұқсатты рәсімдеу ақылы болуы мүмкін. Түскен қаражат цифрлық жүйені дамытуға және жеке деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Жаңа жүйені кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Алдын ала жоспар бойынша жоба 2026 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында іске қосылады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр