Дүйсенбі, 3 августа, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамҚазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс табиғатқа жіберілді

Қазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет жолбарыс табиғатқа жіберілді

Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жолбарыс жабайы табиғатқа жіберілді. Тарихи оқиға 31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында өтті, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Табиғатқа Үміт есімді Амур жолбарысының аналығы жіберілді. Бұл – жолбарыстарды тарихи мекеніне қайта жерсіндіру және олардың популяциясын Қазақстанда қалпына келтіру бағдарламасының алғашқы нақты қадамы.

Салтанатты шараға Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Ресейдің Әділет министрі әрі «Амур жолбарысы» орталығының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Константин Чуйченко, сондай-ақ жобаны жүзеге асырып жатқан ғалымдар, экологтар мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр