Дүйсенбі, 3 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпОСК мүшелері Құрылтай сайлауына дайындықты тексеру үшін барлық өңірді аралайды

ОСК мүшелері Құрылтай сайлауына дайындықты тексеру үшін барлық өңірді аралайды

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 4–17 тамыз аралығында ОСК мүшелері елдің барлық 20 өңіріне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық деңгейін тексеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Оның айтуынша, бүгіннен бастап учаскелік сайлау комиссиялары жұмысқа кірісті. Республика бойынша 10 300-ден астам сайлау учаскесі ашылды.

– 4–17 тамыз аралығында Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлері барлық 20 өңірге инспекциялық сапармен барады. Сайлау учаскелерінің дайындығы, материалдық-техникалық жабдықталуы, сайлаушыларды ақпараттандыру жұмыстарының ұйымдастырылуы, call-орталықтардың қызметі бағаланады, – деді Нұрлан Әбдіров.

ОСК төрағасы бұдан бөлек, аумақтық сайлау комиссияларының жұмысына және олардың мүшелерін оқыту мәселесіне ерекше назар аударылатынын айтты.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр