Әлеуметтік желілерде Алматы қаласындағы қауіпсіздігі ең төменгі мекемелердің бірінде екі сотталғанның бірінен соң бірі өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaznews.kz.
Бұл мәліметке байланысты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) ресми түсініктеме жариялады.
Комитеттің хабарлауынша, Алматы қаласындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде екі сотталғанның суицид жасағаны жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды.
Ведомствоның мәліметінше, Алматыдағы барлық қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, қазіргі уақытта жағдай тұрақты.
ҚАЖК тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тек ресми және сенімді дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Сондай-ақ комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауап беретінін тағы бір мәрте еске салды.


