Дүйсенбі, 3 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпНикол Пашинян Арменияның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

Никол Пашинян Арменияның премьер-министрі қызметіне қайта тағайындалды

Армения президенті Ваагн Хачатурян Никол Пашинянды қайтадан елдің премьер-министрі етіп тағайындады. Бұл шешім жаңа шақырылымдағы парламенттің жұмысы басталғаннан кейін қабылданды, деп хабарлайды Qaznews.kz

Президенттің тиісті жарлығы ресми сайтта жарияланды.

Құжатта: «Армения Республикасы Конституциясының 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес Никол Пашинян премьер-министр болып тағайындалсын», – деп көрсетілген.

2 тамызда Арменияда 7 маусымда өткен парламенттік сайлаудан кейін жасақталған жаңа шақырылымдағы Ұлттық жиналыс алғашқы отырысын өткізді.

Конституция талаптарына сәйкес, жаңадан сайланған парламенттің алғашқы отырысы өткен күні үкімет автоматты түрде отставкаға кетеді. Осыған байланысты Никол Пашинян министрлер кабинетінің өкілеттігін тоқтату туралы өтінішті президент Ваагн Хачатурянға жолдаған. Кейін мемлекет басшысы үкіметтің отставкасын ресми түрде бекітті.

Армения заңнамасына сәйкес, премьер-министр қызметіне парламентте көпшілік орын иеленген саяси күш ұсынған кандидат тағайындалады.

Парламенттегі басым көпшілікке ие «Азаматтық келісім» партиясы бұл лауазымға Никол Пашинянның кандидатурасын қайта ұсынып, нәтижесінде ол тағы да үкімет басшысы болып бекітілді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр