Сейсенбі, 16 июня, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтар"Әділет" партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

«Әділет» партиясы Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі

«Әділет» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Рауан Кенжеханұлы жаңа саяси ұйымның Құрылтайдан қанша орын алуға мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасаған QazNews.kz
«Әділеттің» бүгінгі съезінде партия құрамына AMANAT-ты қабылдауға шешім қабылданды. Жаңадан құрылған саяси ұйымның өкілдері алдағы Құрылтай сайлауына да қатысуға мүдделі.

«Осындай жан-жақты қолдауға ие болып жатқан күштің алдына қойған мақсатына да ешқандай шектеу болмауы қажет. Біз барынша көп орын алуға тырысамыз», — деді Кенжеханұлы съезден кейінгі брифингте.

 

Айта кетері, 1 шілдеде Қазақстанның жаңа Конститутциясы күшіне енеді. Оған сәйкес, бір палаталы парламент — Құрылтай болады. Сондай-ақ, заңдарға бастамашы бола алатын Халық кеңесі құрылады.

Съезд делегатов Адилет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2026
Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр