Райымбек ауданында туризмді дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асып жатыр. Аудан билігі биылдан бастап шетелдік туристерді қабылдауды қолға алмақ. Ұйғыр ауданындағы өткелден 1 шілдеден бастап шетелдік туристер турлар бойынша келе бастайды. Ал Хан Тәңіріне өткел жасау мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.сілтеме жасаған QazNews.kz сайты
Әкімнің айтуынша, өңірдің табиғи әлеуетін тиімді пайдалану үшін жол инфрақұрылымы жаңартылып, туристік бағыттар әзірленіп жатыр.
«Жалпы мен осы елге келгенде үлкен ағалардың айтқаны бар: «Сенің Нарынқолыңды осы кортошкасымен таниды. Сенің Нарынқолыңды Мұқағалимен таниды. Одан бөлек осы керемет, тылсым табиғатымен таниды. Сондықтан сұранып тұрған табиғатын да пайдалану керек. Туристік әлеуетті көтереміз деп жатырмыз. Бұл бағытта жанданған жұмыстар бар. Облыс әкімінің қолдауымен туристік 4 бағытқа қаражат қаралды. Жалпы ұзындығы 94 шақырым болатын жолдардың жұмыстары басталды. Ауданның жол мәселесі жақсы. Республикалық жолдың да 4 шақырымы қалды. Күз айына дейін бітіріп қоямыз. Ауданның ішкі жолдары өте жақсы. Туристік бағытта тағы жолдарды жасап алсақ, жаңа тыныс ашылады деп ойлаймын. Шоғансайда жол бұрыннан бар. Дегенмен әрбір сайға жол салатын болсақ, онда біз табиғатты бұзып аламыз. Біз негізгі күрежолдарды салып береміз. Қалған жолдар қара, кәдімгі табиғи жол ретінде қалуы керек. Шоғансай бар, Ақкөл бар. Шоғансайға дейін 3 шақырым, Ақкөлге дейін 4 шақырым жолдар бар. Ол жерге тас төселген. Оны дұрыс қалыпқа келтіріп қою керек. Бірақ асфальт жол салуға мен қарсымын», — деді әкім.
Қазір ауданда ресми тіркелген алты демалыс аймағы жұмыс істейді. Сонымен бірге екі жүзге жуық кәсіпкер этнотуризм бағытында қызмет көрсетіп жатыр.Әкімдік «Авалон» компаниясымен бірлесіп, жергілікті тұрғындарды туристік қызмет көрсетуге оқыту бағдарламасын қолға алған. Қарасаз, Жамбыл, Қақпақ және Сарыжаз ауылдарында турист қабылдайтын үйлер дайындалған.
«Жалпы ауданда туристік бағытта тіркелген 6 демалыс аймағы бар. Одан бөлек 200-ге жуық осы ауданымыздың кәсіпкерлері тамаша жерлерге киіз үйлерін тігіп, этно-туризмді дамыту бағытында жұмыс істеп жатыр. Туристік саланы біз айтып қана қойып жатқан жоқпыз. Қазір арнайы «Авалон» деген үлкен тарихи, туристік компания бар. Сонымен 2025 жылдың күз айынан бері жұмысты қолға алдық. Аудандағы туризм саласына ниет білдірген адамдарды оқытып жатырмыз. Бір жылға жуық уақыт болды. Одан бөлек Қарасаз, табиғаты сұранып тұрған Жамбыл бар, Қақпақ бар, осы Сарыжаз бар. Осы жерлерден 15-15 үйден қонақ қабылдайтын үйді біз дайындадық. Бұйырса осы айдың 20-21-не қарай бізге туристер келуді бастайды», — деді Дастан Құдабаев.
Аудан әкімі Хан Тәңірі шыңына қарай туризм бағытын жандандыруды жоспарлап отырғандарын айтты.
«Қазақтың маңдайына біткен шың — Хан Тәңірі. Осы біздің Райымбек ауданында орналасқан. Сол Хан Тәңірі бағытына қарай 13 шақырым жол түседі. Сол Хан Тәңірі жанынан үлкен көру алаңы салынады. Қазір инвесторлармен келіссөздер жүріп жатыр. Сол жерге демалыс аймағы түседі. Ары қарай Хан Тәңірінің тегіне қарай жаяу немес атпен барып демалып қайтуына мүмкіндік береді. 4-5 бағыттар бойынша туризмге жарамды жерлердің бәрін насихаттап жатырмыз. Алдыңғы аптада туризм саласы бойынша блогерлер бар, тур-операторлар бар, 30 шақты адамды шақырып осы ауданның туристік бағыттарын аралап, түсірілім жасап кетті. Бірақ енді 90 жылдықтың аясында 9-10-ы күні облыстық туризм басқармасымен бірлесіп, маршруттар қалыптастарып жатырмыз. Ол күнге де 30-35 жуық туризм саласына қызушылық танытып жүрген блогерлер бар, тур-операторлар бар, кәсіпкерлер бар. Соларды шақырып отырмыз. Ол Саржаз Шалкөде бағыты бойынша бір топ, Көккемер жайлауы, Құтырған тауына, Текес сарқырамасына қарай бір бағыт, одан бөлек Баянқол аңғарына қарай бір бағыт, үш топпен олар толық аралап шығады. Ақкөл демалыс аймағында Райымбек ауданының туристік бағыт-бағдарын талқылау жөнінде кездесу өтеді. Осы елдің тамаша табиғатын насихаттау бағытында жұмыстар атқарылып жатыр», — деді Дастан Құдабаев.
Аудан басшысы Қытайдан келетін туристерге арналған арнайы маршруттар әзірленіп жатқанын айтты. Оның сөзінше, әзірге тек келіссөздер жүргізіліп жатыр. Хан Тәңіріне қарай Қытайдан келетін туристерге өткелдің қашан ашылатыны белгісіз.
«Жалпы Кеген ауданы Көлсай, Қайыңдымен танымал, Ұйғыр ауданы Шарын шатқалымен, ыстық арасандарымен танымал. Осы көрші екі ауданның әкімдері бар және мен бар, біз Қытай мемлекеттіне ауданның туристік әлеуеттін арттыру бойынша барып келдік. Ол жақпен келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір Райымбек ауданынан өтетін өткел жоқ. Бірақ нақты қай күні, қай уақытта ашылатыны жайлы ақпарат жоқ», — деді Дастан Құдабаев.
Дегенмен Ұйғыр ауданы жақтағы өткелден биылдан бастап туристер келеді. Әкімнің сөзінше, 1 шілдеде тур бойынша туристер келе бастайды.
«Қандай жағдайда да Ұйғыр ауданында Қытаймен арамызда өткел бар. Сол өткел арқылы сол қытайлық туристерді осы 3 аймаққа 5 күндік, 7 күндіз турлармен алып өтуді биыл бастаймыз. Осы 1 шілдеден бастаймыз», — деді Құдабаев.
Сонымен қатар Хан Тәңірі бағытына баратын жолды жақсарту және арнайы шолу алаңын салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар ауданның туристердің санын арттырып, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына серпін береді деген үміт бар.


«Жалпы Кеген ауданы Көлсай, Қайыңдымен танымал, Ұйғыр ауданы Шарын шатқалымен, ыстық арасандарымен танымал. Осы көрші екі ауданның әкімдері бар және мен бар, біз Қытай мемлекеттіне ауданның туристік әлеуеттін арттыру бойынша барып келдік. Ол жақпен келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір Райымбек ауданынан өтетін өткел жоқ. Бірақ нақты қай күні, қай уақытта ашылатыны жайлы ақпарат жоқ», — деді Дастан Құдабаев.