Өзін продюсер ағасы зорлағанын мәлімдеген қазақстандық Нұрғали Нұғман есімді жігіт әлеуметтік желіде тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды QazNews.kz
Оның айтуынша, бұған дейінгі видеода ол «Балапан» телеарнасын «балапан» деп аталған коммерциялық жобамен шатастырып алған.
«Менің көкем зорлады деген видеоны көрген боларсыздар. Негізі ол жерде «Балапан» телеарнасын «балапан» коммерциялық жобасымен шатастырыппын. «Балапан» телеарнасының ұжымынан кешірім сұраймын және олардың еңбегін өте жоғары бағалаймын. Осы жағдай туралы сұхбатқа шақырсаңыздар, бәрін толық айтып беруге дайынмын. Бұл ақиқатты көлеңкеде қалдырғым келмейді, сіздерден қолдау күтемін. Өйткені мұндай жағдай біздің елде көбейіп кетті. Сондай зардап шеккен адамдардың бірі – менмін», – деді ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары Нұрғали Нұғманға қолдау білдіріп жатыр. Сонымен қатар бірнеше танымал журналист оны сұхбатқа шақыруға дайын екенін жазған.


