Дүйсенбі, 16 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда риелторлардың жұмысына бірыңғай талап енгізілуі мүмкін

Қазақстанда риелторлардың жұмысына бірыңғай талап енгізілуі мүмкін

Қазақстанда риелторлық қызметті реттеу шаралары қарастырылып жатыр. Сауда және интеграция министрлігі мамандардың жұмыс тәртібін белгілейтін бірыңғай ережелер енгізуді ұсынып отыр, деп жазады QazNews.kz.

Атап айтқанда, риелторлық қызмет көрсету тәртібін, мамандарға қойылатын талаптарды, клиенттермен келісімшарт жасасу және өзара жұмыс істеу шарттарын айқындау жоспарланған.

Әсіресе келісімшарттың мазмұнына ерекше назар аударылмақ. Құжатта көрсетілетін қызметтердің тізімі мен құны, комиссиялық сыйақының мөлшері, оны төлеу тәртібі, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттері нақты жазылуы керек.

Сонымен қатар қызметіне тапсырыс бермеген азаматтардан риелторлық комиссия талап ету жағдайларын болдырмау ұсынылып отыр.

Клиент риелтордың кімнің мүддесін қорғайтынын және қандай қызметтер үшін ақы төлеуі керектігін алдын ала білуі тиіс.

Осылайша, ұсынылып отырған өзгерістер риелторлық қызмет көрсету кезінде тараптардың жауапкершілігін нақтылап, азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр