Сейсенбі, 27 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарТаразда асырап алған балаларын ұрып-соққан әйелге тергеу басталды

Таразда асырап алған балаларын ұрып-соққан әйелге тергеу басталды

Таразда әйел асырап алған балаларын аяусыз ұрып-соққан,  деп жазады QazNews.kz

Әлеуметтік желіде журналист Руслан Өтепбай жантүршігерлік видео жариялады. Кадрда әйел балаларды ұрып-соғып жатқаны көрінеді.

Бұл жағдайға Тараз әкімдігі өкілдері пікір білдірді.

«Бұл жайт 2025 жылғы 29 желтоқсанда анықталған. Сол күні балалар мектепке келген кезде білім беру мекемесінің психологі олардың денесінде ұрып-соғу белгілерін байқаған. Осы дерек негізінде полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалып, балалардың заңды қамқоршысы ретінде көрсетілген З.Т. есімді азаматшаға қатысты тергеу амалдары басталды», — деп жазылған хабарламада.

Нәтижесінде кәмелетке толмаған балаларды қамқорлығына беру туралы қаулының күші жойылған.

Балалар 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылған.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр