Сейсенбі, 22 сентября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырып«Жұмыс істеңіздер, әйтпесе басқа адамдар келеді»: Бектенов «ҚазАвтоЖолға» ескерту жасады

«Жұмыс істеңіздер, әйтпесе басқа адамдар келеді»: Бектенов «ҚазАвтоЖолға» ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов ұлттық «ҚазАвтоЖол» компаниясының жұмысын сынға алып, жолдардың сапасын арттыруды және қордаланған мәселелерді шешуді талап етті, деп хабарлайды qaznews.kz.

Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 10%-ға азайғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысының қарқындылығы орта есеппен 30%-ға артқан.

Сондай-ақ баяндамасында жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар таныстырылды.

Алайда Үкімет басшысы келтірілген статистикаға қарамастан, шешімін таппаған мәселелердің әлі де көп екенін айтты.

«Баяндама жақсы. Дегенмен шешілмей жатқан түйткілдер өте көп. Сіз олар туралы айтқан жоқсыз. Президент атап өткен барлық кемшіліктердің сіздердің жұмыстарыңызға тікелей қатысы бар. Сондықтан жолдардың сапасын арттырып, қалыптасқан жағдайды түзету қажет. Жұмыс істеңіздер, әйтпесе оның орнын басқа адамдар басады», – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр жол инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың сапасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр