Сәрсенбі, 4 ноября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемТашкентте уланған қарағандылық футболшылардың жағдайы белгілі болды

Ташкентте уланған қарағандылық футболшылардың жағдайы белгілі болды

Өзбекстан астанасы Ташкентте балалар футбол турнирі кезінде уланған қарағандылық 17 қатысушы инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың 11-і – бала, алтауы – ересек адам. Қазір барлығының жағдайы тұрақты. Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz

Елшілік дерегінше, медициналық көмекке жалпы 19 адам жүгінген. Жедел желіге хабар түскеннен кейін консул Сәкен Пердебеков ауруханаға барып, зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жүр.

Сондай-ақ Қазақстан елшісі медициналық мекемеге барып, балалардың ата-аналарымен кездескен. Қазір науқастарға Ташкент медицина университетінің профессорлары мен санитарлық дәрігерлері көмек көрсетіп жатыр. Dostlik Cup турнирінің ұйымдастырушылары да зардап шеккендерге қолдау білдірген.

Әзірге улануға не себеп болғаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қарағанды облысынан футбол турниріне 60 бала, 32 ата-ана және төрт жаттықтырушы барғанын хабарлаған еді.

Оның мәліметінше, 31 қазан күні таңғы астан кейін қонақүйде балалар мен ересектердің іші ауырып, дене қызуы көтерілген.

Ауруханаға түскен балалар толық сауығып шыққанша Өзбекстанда болады. Ал турнирдің қалған қатысушылары Қазақстанға қайтып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр