Сейсенбі, 3 ноября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпКәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

Жекеменшік клубтар мен академиялардың 10 жастағы футболшылары арасындағы Қазақстан чемпионатында Алматының жасөспірімдері топ жарды. Шымкентте өткен ел біріншілігінде мегаполистің намысын «Тарлан» клубының жас футболшылары қорғады, деп жазады QazNews.kz

«Тарлан» клубы туралы бұған дейін де бірнеше рет айтылған. Кәсіпкер, меценат Қайрат Реимов Алматының ең талантты балаларын іріктеп алған, ал жаттығулар толығымен тегін. Футболшылардың киім-кешегі, құрал-жабдықтары мен турнирлерге қатысу шығындарын демеуші өз мойнына алған.

Клубтың басты мақсаты – болашақ кәсіби футболшыларды Қазақстан клубтары мен ұлттық құрамаға дайындау. Осы мақсатта «Тарлан» дәл қазір өз академиясын, интернатын және жеке жалпы білім беретін мектебін салып жатыр. Бұл балалардың бір жерде әрі білім алып, әрі спортпен айналысуына мүмкіндік береді.

Клуб биыл ғана құрылғанына қарамастан, жетістіктерге жетіп үлгерді. Жазда жігіттер Қырғызстандағы халықаралық турнирде жеңіске жетсе, күзгі демалыс кезінде бірден екі жүлдені қанжығаға байлады. 2016 жылы туған негізгі құрам Шымкентте чемпион атанса, екінші команда Алматыда өткен Footlub Cup турнирінде бірінші орын алды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр