Сәрсенбі, 4 ноября, 2026
spot_img
Басты бетӘлемҚазақстан Ресейдегі дрон шабуылынан кейін «Атырау – Самара» құбыры арқылы мұнай тасымалдауды...

Қазақстан Ресейдегі дрон шабуылынан кейін «Атырау – Самара» құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қайта бастады

Қазақстан «Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды қайта жандандырды. Қазір құбыр штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл туралы 3 қарашада Қазақстан Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz

Оның айтуынша, инфрақұрылымға техникалық тексеру жүргізілгеннен кейін мұнай айдау жұмыстары қалпына келтірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жағдай министрліктің бақылауында.

Еске салайық, 2 қарашаға қараған түні Ресейдегі Самара өндірістік-диспетчерлік торабының нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасаған. Осыған байланысты Астана уақытымен сағат 06:09-да Қазақстан мұнайын аталған бағыт арқылы тасымалдау уақытша тоқтатылған болатын.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр