Сейсенбі, 10 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарШымкенттегі жаппай төбелес: адам өліміне байланысты 3 қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттегі жаппай төбелес: адам өліміне байланысты 3 қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды,  деп жазады QazNews.kz

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, бұл жайт бойынша қасақана кісі өлтіруге оқталу және өлтіру, адам ұрлау, сондай-ақ, қару қолданып жасалған бұзақылық баптарымен тергеу басталған.

«Бірнеше күдікті ұсталды. Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің бірнеше бөлімше жетекшісі жіберілді. Олар мән-жайды анықтап, полицейлердің әрекетін тексереді», — деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте көшедегі жаппай төбелес адам өлімімен аяқталғаны хабарланды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр