Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетДенсаулықБалқаш жылу орталығына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 21 млн теңге айыппұл салынды

Балқаш жылу орталығына экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 21 млн теңге айыппұл салынды

«Kazakhmys Energy» ЖШС-не тиесілі Балқаш жылу электр орталығы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін шамамен 21 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі,  деп жазады QazNews.kz

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның арнайы рұқсатсыз күл аралас ағынды суларды төгу үшін авариялық тоғанды заңсыз пайдаланғаны белгілі болды.

Сонымен қатар экологтар Балқаш көліне бағытталған су арналарының зақымданғанын, сондай-ақ қорғаныш қоршаулардың жоғын тіркеген.

Кәсіпорынға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде міндетті нұсқамалар берілді. Айыппұл толық көлемде төленген.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр